Жаңа жылдан бастап СҚО-да суға тариф көтеріледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, СҚО тұрғындары үшін сумен жабдықтау тарифі 8,5% қымбаттайды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қызылжар су» компаниясы сумен жабдықтау мен кәріз жүйесіне тарифті көтеру туралы өтінімді екі ай бұрын берген. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, су тарифін жеке тұлғаларға - 35%, заңдық тұлғаларға - 38% көтеру болжанған еді.

Бес жылға бекітілген «Петропавл қаласының кәріз және сумен жабдықтау жүйелерін қайта өңдеу, жаңарту және дамыту» инвестициялық бағдарламасы тарифке қосылған. Компания оны жүзеге асыру үшін өз қаражаты мен заемдарды, сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының және Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржысын жұмсауды жоспарлауда.

«Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры Арман Сауытовтың айтуынша, басты міндет - шығындарды азайтып, желілердің тозуын 55-60% дейін кішірейту. Қазір оның шамамен 80% құрайды.

null 

Сумен жабдықтау ұйымы өз қызметтері үшін алдағы бес жылда тарифті көтеруді жоспарлап отыр, әзірге инвестициялық бағдарлама  әзірленуде. 2021 жылдың соңына қарай, жеке тұлғаларға су тарифі 64,5%, кәріз жүйесі 69%, ал заңдық тұлғаларға сәйкесінше 70% және 98% көтерілуі тиіс.

СҚО Табиғи монополияларды қорғау және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Арман Өтегенов мекеменің заңға сәйкес тариф жобаларына сараптама жүргізілгендігін, қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, сарапшылар кеңесі шақырылған соң шешім қабылданданғанын айтты.

 2017 жылы солтүстікқазақстандықтар су мен кәріз жүйесі үшін 1 текше метріне 154,5 теңге төлейтін болады. Қазіргі тариф 142 теңгені құрайды. 

Соңғы жаңалықтар