Жаңа жылды 10 адам Эльбрус шыңының басында қарсы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 адам жаңа 2019 жылды Еуропадағы ең биік шың Эльбрусте қарсы алды. Бұл туралы сәрсенбі күні ТАСС агенттігіне Ресей ТЖМ Эльбрус биік таулы іздеу-құтқару жасағының жедел кезекшісі Хизир Ойтов хабарлаған.

Жаңа жылды 10 адам Эльбрус шыңының басында қарсы алды

«Эльбрус шыңының ұшар басында 2019 жылды екі шетелдік топ: Үндістаннан алты адам және төрт украиндық қарсы алды. Тау бөктерінде көру мүмкіншілігі өте нашар болды. Бірақ үнділіктер украиндықтар тәрізді шыңға шыға алды», - деді кезекші.

Оның айтуынша, Эльбрусте альпинистер көп. Қазірдің өзінде 54 адамды құрайтын 12 топ тіркелді»,-деп қосты Хизир Ойтов.