Жаңа жылдық демалыс күндері ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа жыл мерекесі күндері республиканың көптеген аймақтарында циклон мен соған байланысты фронттар жүреді, сол себепті жауын-шашын болады, жел күшейіп, жолда тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Жаңа жылдық демалыс күндері ауа райы қандай болады

Ауа температурасының мынадай ауытқуы күтіледі:

Батыс аймақтарда түнде ауа температурасы 8-16 градустан 3-11-ге дейін аяз болса, күндіз 0-8-ден 3-ке дейін аяз 0-5 градусқа дейін жылынады.

Солтүстік-батыс өңірлерде түнде 15-25 градус аяздан 7-15 градус аязға дейін, күндіз 5-15 градус аяздан 0-8 градус аяз болады.

Солтүстік және орталық аймақтарда түнде 12-25 градус аяздан 5-18 градус аязға дейін, күндіз 5-16 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін суытады.

Шығыста түнде 10-18 градус аяздан 15-23 градус аязға дейін, күндіз 2-10 градус аяздан 7-12 градус аяз болады деп болжануда.

Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 0-8 градус аяздан 5-15 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градустан 5-10 градус жылы болады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ауа райы болжамы:

31 желтоқсанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде 15-20 градус аяз, ал түнде 8-13 градус аязға дейін суытады.

1 қаңтарда ауа райы көшпелі бұлтты, кей жерлерде қар, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің ұйытқуы -9-14 м/с, ал кей жерлерде15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-17 градус аяз, күндіз 5-10 градус аяз.

2-3 қаңтарда - ауа райы көшпелі бұлтты болып, кей жерлерде қар, бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, ал кей жерлерде15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 8-13 градус аяз, күндіз 3-8 градус аязға суытатын болады.

4 қаңтарда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады, ал ауа температурасы түнде 12-17 градус аяз, ал түнде 8-13 градус аяз болады.

Алматы қаласы бойынша:

31 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градусқа жылыса, күндіз 0-5 градусқа жылы болады.

1 қаңтарда көшпелі бұлт шығады деп болжанады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-7 градус аяз, күндіз 0-5 градусқа жылынады.

2 қаңтарда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-5 градусқа жылы болады.

3 қаңтарда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады деп болжануда. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 3-8 градусқа жылынады.

4 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз болса, күндіз 3-8 градусқа жылы болады.

Шымкент қаласы бойынша:

31 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз болса, күндіз 3-8 градусқа жылынады.

1-3 қаңтар күндері көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжануда. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз болса, күндіз 5-10 градусқа жылы болады.

4 қаңтарда, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз болса, күндіз 0-5 градусқа жылынады.