Жаңа жылдық мереке күндері ТЖМ құрылымдары күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жаңа жылдық мереке күндері ТЖМ құрылымдары күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің мемлекеттік өрт қауіпсіздігін қадағалау және анықтау басқармасының бастығы Марат Хасенов мәлім етті.
«Мереке күндері Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық бөлімшелері, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Қолданысқа қосымша техника енгізіледі, сондай-ақ кезекшілікке шығатын жеке құрамның саны артады»,-деді басқарма бастығы.
Сонымен қатар баспасөз мәслихатында мәлім болғанындай 31 желтоқсанға дейінгі аралықта орта есеппен алғанда республика бойынша ауа-райы минус 30 градусқа дейін салқындайды, ал ауа-температурасы күндіз минус 20-25 градус аралығында болады.