Жаңа жылдық мереке күндерінің жартысында Қытайда 1,38 млрд жолаушы тасымалданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда елдегі көлік тасымалының ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізілетін Жаңа жылды мерекелеу аясындағы 40 күннің жартысы артта қалды.
None
None

24 қаңтардан 12 ақпанға дейін темір жолмен, тас жолмен,судағы көлікпен және әуе тасымалымен 1,38 млрд жолаушы тасымалданды. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 3,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Синьхуа ҚХР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Темір жолмен 150 млн жолаушы (өсім 9,1 пайыз); тас жолмен 1,18 млрд жолаушы (өсім 2,8 пайыз); судағы көлікпен 21,649 млн жолаушы (өткен жылғыдан 3,2 пайызға кем); азаматтық авиация арқылы 24,997 млн жолаушы (өсім 3,1 пайыз) тасымалданды.

Соңғы жаңалықтар