Жаңа жылдық сыйлықтар үшін қазақстандықтар орташа есеппен 17450 теңге жұмсауға дайын

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы жаңа жылдық мереке сыйлықтарын сатып алу үшін қазақстандықтар орташа есеппен 17450 теңге жұмсауға дайын. Бұл «Kompetenz» СК ақпараттық-сараптамалық орталығы жүргізген сауалнама кезінде анықталды.

Жаңа жылдық сыйлықтар үшін қазақстандықтар орташа есеппен 17450 теңге жұмсауға дайын

Оның сарапшылары, сонымен бірге, Астана мен Алматы қаласының тұрғындары өздерінің туған-туыстары мен достарына не сыйлайтынын анықтады. Сауалнамаға қатысқандардың көбі (24%) тұрмыстық техника мен заманауи гаджеттерді сыйлауды жоспарлап отыр, 14%-ы - балалар ойыншығын, 12%-ы - кондитерлік өнімдер мен кәмпиттер, 10%-ы - парфюмериялық және косметикалық заттарды, 7%-ы - сыйлық сертификаттарын, 3%-ы - әшекей және бағалы заттар, 1%-ы - туристік жолдамаларды сыйға тартпақ. . Ал әрбір төртінші адамның мүлде сыйлық алып, оны сыйға тарту ойы жоқ. Ал қатысушылардың 6%-ы сыйлықтарды өз қолдарымен жасайды.

Бұл зерттеуге Алматы мен Астананың 18-ден 65 жасқа дейінгі тұрғындары қатысты. Сауалнама қатысушыларынан олар осы жылы жаңа жылдық сыйлықтарды алуды жоспарлап отырған соманы көрсету қажеттігі сұралды.