Жаңа жылдың алғашқы күні Қостанайда 17 сәби дүниеге келді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың бірінші күні Қостанайда 17 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдың алғашқы күні Қостанайда 17 сәби дүниеге келді

Жаңа жылдың алғашқы күнінен-ақ Қостанай перинаталдық орталығының ақ халаттылары әдеттегідей тыным тапқан жоқ. Қаңтардың бірі күні 17 бала дүниеге келді. Оның алтауы - ұл, он бірі - қыз бала. Дәрігерлер нәрестелердің де, аналарының да денсаулығы бірқалыпты екенін айтты.

Ақ халатты мамандардың айтуынша, шаһарда отбасын құрып, балалы болып, ата-ана бақытына бөленгісі келетіндердің саны жылдан жылға артуда.

«Елдің әлеуметтік жағдайы жақсаруына қарай табиғи өсім артты, сәбилі болғысы келетін отбасылардың саны көбейді» дейді олар.