Жаңа жылдың алғашқы сағатында Kcell және Activ абоненттері 9,2 миллионнан астам қоңырау шалып, 2,5 млн. дерлік СМС-хабарлама жолдады

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұялы байланыс операторы GSM Қазақстан/Kcell Жаңа жыл түнінде өз абоненттерін үзіліссіз байланыспен қамтамасыз етті, соның арқасында Kcell және Activ абоненттері өздерінің туысқандары мен жақындарын Жаңа жылдың алғашқы минутында құттықтай алды.

Жаңа жылдың алғашқы сағатында Kcell және Activ абоненттері 9,2 миллионнан астам қоңырау шалып, 2,5 млн. дерлік СМС-хабарлама жолдады

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде хабарланды.

Компания өз желілерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға арналған барлық қажетті шараларды алдын ала әзірледі. Байланыста туындап қалатын мәселелерді жедел түрде шешу үшін, компанияның ондаған қызметкері Жаңа жыл түнінде жұмыс орындарында кезекшілік етті, "Абоненттеріміздің Жаңа жылдық түннің алғаш минуттарында туған-туысқандарына телефон соғып, жылы лебізді құттықтауларын кедергісіз айта білу қабілеттігі біздің компания үшін айрықша маңызды", - деп атап өтті Kcell компаниясының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің директоры Фаик Чытлак. - Өткен жылдағыдай жүйеміз бар жүктеулерді көтере алды, бұл біз үшiн өте үлкен мақтаныш».

Қолданылған шаралар нәтижесінде, Kcell және Activ абоненттері ұялы байланыс қызметін үзіліссіз пайдалану мүмкіндігіне ие болды. 31 желтоқсанда абоненттер шалған қоңыраулар сәттілігі 99 пайыз құрады, ал Жаңа жыл түнінде бұл көрсеткіш 97 пайызға тең болды, сонымен бірге Жаңа жылдың алғашқы сағаттарында абоненттер 25 миллионнан астам қоңырау шалып, 6,3 миллионнан астам СМС-хабарлама жолдады. Жылпы алғанда, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күндері компания абоненттері 191,5 миллион қоңырау шалды. Әдеттегі күндермен салыстырғанда, Жаңа жыл мейрамында шалынған қоңыраулар саны 1,5 есе артты, ал абоненттер жолдаған қысқа хабарламалар көлемі 5 есеге өсті.