Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңа жылғы түнде Астанада қанша сәби өмір есігін ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы екінші перзентханада Жаңа жыл түні 8 бала дүниеге келді. Бәрінің жағдайлары жақсы. Ал бұл жолы той тойлатуға шамалары келмеген аналар үйлеріне асық, деп хабарлайды 24.kz. 

Жаңа жылғы түнде Астанада қанша сәби өмір есігін ашты

 Кішкентай Хәкім бірнеше сағат бұрын дүниеге келді. Анасы Әсия Елтаева уақыты жақындағанымен, дәл Жаңа жыл түнінде босанамын деп ойламапты. «Бастысы қол-аяғы аман, дені сау ұл дүниеге келді», - дейді ол. Енді Хәкім  Жаңа жылмен бірге жыл сайын туған күнін де атап өтеді.

Әсия Елтаева, ана: - Өткен жылдың бізге деген сыйы деп қабылдау керек шығар. Қуанышымыз Жаңа жылмен тұспа-тұс келді. Баршаңызды мерекеңізбен құттықтаймын, денсаулық, молшылық тілеймін. Әрқайсыңызға Алла тағала бала беріп, жарылқасын». Шақалақтардың аман-есен дүниеге келуі - дәрігерлердің де еңбегі. Олар үшін демалыс не жұмыс күні деген түсінік жоқ. Жаңа жылда да әдеттегідей ат үстінде. Өйткені еліміздің демографиясы артуы үшін жұмыс істеуге ант бергені бар.

«Баланың дүниеге келуіне атсалысу, анасына көмектесу, халқымыздың санын арттыруға үлес қосу - менің жұмысым. Өйткені бала деген бақыт қой. Олар - біздің болашағымыз. Сондықтан акушер, оның ішінде гинеколог болуды таңдадым», - дейді Фариза Дайрабаева.

Астананың екінші перзентханасында тәулігіне орташа есеппен 20 бала дүниеге келеді екен. Кейде бұл көрсеткіш екі есе артып, 40-қа жететін күндер де болады. Тарих қойнауында қалған кешегі жаңа жылдық түн тыныш өтті. Бұл да қазақ халқының санын 8 адамға көбейткен кәсіби дәрігерлердің арқасы деп қабылдау керек.