Жаңаарқа әкімінің орынбасары 6 млн теңге айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары – жер комиссиясының төрағасы Б.Қ. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Ағымдағы жылдың 7 қазанында Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды» - делінген хабарламада.

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Соңғы жаңалықтар