Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі Таллиндегі кинофестивальға қатысады
АЛМАТЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған, режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі мерейтойлық XV-ші «Қараңғы түн» кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады.
Аталмыш фестиваль Шығыс Еуропада ең ірі фестивальдердің бірі болып саналады. Естеріңізге сала кетсек, бұл мәдени іс-шара Таллинн қаласында қарашаның 16 мен 30 аралығында өтеді.
Фестиваль негізгі бағдарламадан, бірнеше кіші фестивальдерден, медиа және киноөндірісі нарығынан құралған. Фильмнің режиссері Жаңабек Жетіруов өзінің осымен екінші толықметражды жұмысын фестиваль көрермендеріне өзі таныстырғалы отыр. Естеріңізге сала кетсек, Жетіруовтың «Дүниежарық» атты алғашқы картинасы көптеген халықаралық байқауларда жүлделі орындардан көрінген болатын.