Жаңадан ашылатын «Астана-Павлодар» электр пойызы билетінің бағасы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестиция және даму министрлігі аптасына екі рет қатынайтын «Астана-Павлодар» жаңа электр пойызының билет құнын жария етті.
None
None

«Кеше әлеуметтік маңызға ие «Астана-Павлодар» бағыты бойынша тасымалдаушыны анықтау үшін жүргізілген байқаудың қорытындылары шықты. Пойыз 2016 жылдың 1 маусымынан бастап, аптасына екі мәрте - бейсенбі мен жұма күндері Астанадан, сенбі мен жексенбіде Павлодардан жүретін болады», - деді бүгін ҚР ИДМ баспасөз xатшысы Қайсар Жұмабайұлы.

Электр пойыздың құрамы 2013 жылы жасалынған 3 санаттық 8 вагоннан тұрады.

Билет құны: 1 санат үшін - 2 305 теңге, 2 санатқа - 2 147 теңге және 3 санат - 1 784 теңге болады.

«Айта кету керек, Астана мен Павлодар арасында күніне 900 жолаушы қатынайды. Ал жазғы мезгілде 1 100 жолаушы жолға шығады», - деді Қ. Жұмабайұлы.

Соңғы жаңалықтар