Жаңадан ашылған «Әзірет Сұлтан» мешітінің сайты көпшілікке жол тартты
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Жаңадан ашылған «Әзірет Сұлтан» мешітінің www.muslim.kz сайты көпшілікке жол тартты.
Сайт мұсылман бауырларымыз үшін пайдалы ақпаратқа толы. Сонымен қатар, сайт арқылы қызығушылық танытқандар көкейіндегі кез келген сауалға, бүгінгі қоғамның өзекті сұрақтарын «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлына жолдап, көңілге қонымды жауап ала алады.
Бұдан бөлек, сайтта Бас мешіт имамының әр жұмада айтқан уағыздарын қалың оқырман тыңдауға мүмкіндік алмақ. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешіті мен оның оқырман тартар сайтының ашылуы да азаматтардың рухани өміріндегі үлкен жаңалық болмақ.