Жаңадан балалар театр труппалары мен студиялары ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңадан балалар театр труппалары мен студиялары ашылады. Бұл жайында еліміздің Мәдени саясатының тұжырымдамасын таныстырған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңадан балалар театр труппалары мен студиялары ашылады

«Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Оқушының мәдени нормативі» мәдени-білім беру жобасы жалғасады. Оған концерттер мен көрмелерге бару, опера, балет және драмалық спектакльдерді, қазақстандық және шетелдік кинофильмдерді, мультфильмдерді көру кіреді», - деп жазады министр Telegram парақшасында.

Оның атап өтуінше, жан басына қаржыландыру аясында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық үйірмелермен кезең-кезеңімен қамту жалғасады.

«Шығармашылық үйірмелермен қатар жаңадан балалар театр труппалары мен студиялары ашылады. Сондай-ақ, балалардың Қазақстан театрлары мен музейлеріне ай сайын баруы үшін «Театрдағы күн» және «Музейдегі күн» жобалары іске асырылады. Театр сабақтары өскелең ұрпақтың шығармашылық дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ осы топтардағы балалармен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдарды да сахна өнеріне баулитын жоба әзірленіп жатыр», - деді Асхат Оралов.