Жаңадан құрылған Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарының шекарасы белгілі болды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстың мәслихатының өңірде қайтадан құрылған аудандардың шекарасын айқындау туралы бірлескен шешімінің жобасы Ашық НҚА порталына жарияланды, деп Kazinform.

ауыл
Фото: Kazinform

Құжатта әр ауданның жаңа шекарасы жеке-жеке көрсетілген. 

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының шекарасы жалпы ауданы 940 777 гектар болып белгіленсін.

Күршім ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 216 969 гектар болып белгіленсін.

Марқакөл ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 102 917 гектар болып белгіленсін.

Үлкен Нарын ауданының шекарасы жалпы ауданы 378 298 гектар болып белгіленсін.

Қаулы жобасы 18 қаңтарға дейін қоғам талқылауында болады.