Жаңадан құрылған «Асыл бала» қауымдастығы балалар мүддесіне байланысты бірқатар бағыттарды айқындады

«Біз балалар мәселесімен айналысатын барлық заңгерлік және жеке тұлғаларды «Асыл бала» қауымдастығының аясында біріктіріп отырмыз. Барлық өңілердегі үкіметтік емес ұйымдар осы бағыттағы жұмыста күш-жігерлерін біріктіруге ниетті. Қауымдастық құрамында бірнеше секторларды айқындадық. Осының аясында қайырымдылық қорлары, медицина, балалар денсаулығына көмек, мектепке дейінгі және мектептегі білім беруге, қосымша білімге, балалардың өнері мен спортына, сондай-ақ ауыл балалары мәселесі ерекше мән берілген. Қауымдастық өз жұмысында балалардың өмірін жарқын ету үшін барлық салаларды қамтуды мақсат тұтып отыр»,-деді Қ. Әбден.
Оның сөзіне қарағанда, қауымдастық жұмысы мүшелердің қаржысына жұмыс істейтін болады.
«Балалар құқығы мен мүддесі саласында жұмыс істейтін Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдары жаңадан құрылған «Асыл бала» қауымдастығының аясында бірігуі арқылы бірыңғай ортақ алаңды құрамыз және бірыңғай базаны қалыптастырамыз»,-деді Қ. Әбден.
Сөз соңында ол қауымдастық балалар суицидінің алдын алуға бағытталған шараларды ерекше назарға алатынын атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда ҮЕҰ-лар мен қоғамдық бірлестіктердің «Асыл бала» қауымдастығы құрылған болатын.