Жаңадан сайланған сенаторлар тұрақты комитеттер құрамына сайланды

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін спикер Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында жаңадан сайланып, қызметіне кіріскен сенаторлар палатаның тұрақты комитеттерінің құрамына сайланды.

 Жаңадан сайланған сенаторлар тұрақты комитеттер құрамына сайланды

Тоқтала кететін жайт, Елбасының Жарлығына сәйкес, жақында тағайындалған 8 сенатор өз құқықтарын пайдалана отырып, тұрақты комитеттер құрамына сайлануға тілектерін білдіріп, өтініш берген. Соған сәйкес, депутаттар Бірғаным Әйтімова, Сергей Громов, Ләззат Қиынов, Георгий Ким - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне, Дулат Құсдәулетов - Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне, Серік Нөгербеков - Қаржы және бюджет комитетіне, Нұрлан Оразалин Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне сайланды.

Ал Сергей Кулагин өз өтініші бойынша Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне ауысты.