Жаңадан тағайындалған Бас прокурор қызметіне қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңадан тағайындалған ҚР Бас прокуроры Берік Асылов өзінің қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеше Президент Әкімшілігінен осы жайында хабарлады. Бүгін Парламентте келісу рәсімі өтіп, сенаторлар дауыс берді. Осы орайда сенімі үшін депутаттарға алғыс айтқым келеді.
Мен үнемі ашық жұмыс істеймін», - деді Берік Асылов Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол журналистермен кез келген тақырыпты ашық талқылауға және бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық жұмыс істеуге уәде берді.
Бұдан бұрын хабарланғандай. Бүгін Парламент Сенаты ҚР Бас прокуроры лауазымына Берік Асыловты тағайындауға келісім берді.
Конституцияға сәйкес, Президенттің Қазақстан Республикасының Бас прокурорын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Мемлекет басшысы палатаға тиісті ұсыным енгізді.