04:15, 16 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Жаңақорған ауданында 4 стритбол алаңы пайдалануға берілді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңақорған ауданы əкімдігінің бастамасымен Жаңақорған кенті Ипподром мөлтек ауданында жаңа стритбол жəне балалар ойын алаңы ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Бүгінгі таңға дейін кент орталығынан 4 стритбол алаңы ел игілігіне беріліп, халық спортпен шұғылдануда. Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы бір стритбол алаңы жəне ересектерге арналған ашық спорт алаңқайын ашу жоспарлануда.