Жаңақорған кентінде «Нұр» базары өртенді, жалын 375 шаршы метр аумақты жойды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде «Нұр» базары отқа оранды, 375 шаршы метр аумақ өртеніп кетті,

Жаңақорған кентінде «Нұр» базары өртенді, жалын 375 шаршы метр аумақты жойды - ҚР ТЖМ

деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бүгін, сағат 04.04-те Қызылорда облысы Жаңақорған қала үлгісіндегі кенттің М. Көкенов көшесінің бойында орналасқан бір қабатты төбесі жабылған «Нұр» базарының шатыры өртенді. Жалын 375 шаршы метр аумақты  шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 07.29-да сөндірілді, оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.