18:35, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Жаңақорғанда аурухананың кәріз құбырын ұрлаған адам ұсталды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өткен аптада аймақта 73 қылмыстық іс тіркеліп, соның 61-і ашылған.
Жаңақорған ауданының 45 жасар тұрғыны аудандық аурухананың ауласынан кәріздік құбырдың ұрланғаны туралы хабар берді. Ол бойынша жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары осыған қатысы бар деген күдікпен осы ауданда тұратын екі жас жігітті қолға түсіруге мүмкіндік әперді. Олар аурухана ауласынан құны 300 мың теңге тұратын 150 метрлік құбырды қолды еткен болып шықты.