Жаңалық сайттары эпидемияның жылдам таралуына тосқауыл қояды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Онлайн порталдардың тұмау эпидемиясы туралы жазуы оның жылдам таралуына тосқауыл қояды. H1N1 тұмауымен ауырғандар саны мен эпидемия туралы жаңалықтар санының байланысын зерттеген Канада мен Қытай ғалымдары осындай тоқтамға келіп отыр.

Жаңалық сайттары эпидемияның жылдам таралуына тосқауыл қояды

N+1 сайтының хабарлауынша, зерттеушілер БАҚ-тағы «байбаламның» эпидемия таралмауына оң әсер ететіні дәлелдеген.

Бұл зерттеуге деректер қытайдың 36 млн адам тұратын Шэньси провинциясынан жиналған. Үш ай ішінде ғалымдар жаңалықтағы эпидемия туралы хабарламаларды, сондай-ақ ауруханаға жатқызылған сырқаттар туралы мәліметтерді жинаған.

Бір қызығы эпидемия туралы ақпараттар жиі жария етілген 10 күн ішінде ауруханаға осы сырқатпен түскендер саны екі есеге азайып кеткен.

Ғалымдар бұл құбылысты БАҚ-тың адамдар әрекетіне әсер ететіндігімен байланыстырады.