Жаңаөзен қалалық ІІБ уақытша ұстау абақтысының басшысы Ж. Теміров 7 жылға сотталуы мүмкін

АСТАНА-АҚТАУ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, 10 мамырда болған Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімі уақытша ұстау абақтысының басшысы Ж. Теміровке қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы екі жақтың жарыссөздерімен одан әрі жалғасты.
None
None

Бірінші болып мемлекеттік айыптаушы сөз сөйлеп,  айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот процесін өзінің аудармашысымен бірге келген Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің кеңесшісі Блейк Джеймс Томас Донал бақылады.

Соттың келесі отырысы бүгін, сағат 10.00-де өтеді.

Соңғы жаңалықтар