Жаңаөзен қаласында Парламент сайлауы кестеге сәйкес өтеді - ҚР ОСК

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттардың кезекті сайлауы  кестеге сәйкес өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

«Өздеріңіз көргендей, Конституциялық кеңес Президент ветосын еңсере алмады. Сондықтан оның қаулысы қабылданбады деп саналады. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзен қаласында сайлау өтпейді деген өз қаулысының күшін жояды және 15 қаңтарда сайлау кестеге сәйкес өтеді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Жаңаөзендегі сайлау басқа өңірлердегіден еш айырмашылығы болмайды. Дегенмен Елбасы жарлығымен енгізілген төтенше жағдай режімінің шектеулері ескеріледі. «Онда облыстық мәслихатта 7 округ, қалалық мәслихатта 12 округ бар және сайлаушылар саны 50 мыңнан асады», - деді ОСК төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар