Жаңаөзенде 250 келі бекіре балығы тәркіленді

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында 250 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңаөзенде 250 келі бекіре балығы тәркіленді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қаңтар күні «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жаңаөзен қаласындағы пәтерлердің бірінен жалпы салмағы 250 келіні құрайтын 77 дана бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.