Жаңаөзенде 31 тыл ардагері тұрады

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Жаңаөзенде 31 тыл ардагері тұрады. Жеңіс күні қарсаңында олар бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шараға тыл және еңбек ардагерлері, «Тәжік-Ауған» соғысына, Қарабах қақтығысына, Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан ардагерлер, Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім-шарты әскері тобының ардагерлері қатысты.

Ардагерлерге ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпаттар беріліп, көк аспан түстес, оюмен көмкерілген «Жеңіс» лентасы тағылды.

Жаңаөзендегі соғыс ардагерлерінің бәрі қайтыс болған. Жыл өткен сайын тылда еңбек еткен ардагерлер саны да азайып барады. Былтыр қалада 39 ардагер болса, бүгінде 31 ардагер бар.

«Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті, бағасы артып, тағлым-тәрбиесі мен мән-мағынасы тереңдеп, даралана түседі. Азаматтық арды ту етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жандарға әрдайым қамқорлық жасау парызымыз», - дейді ұйымдастырушылар.

Басқосуды Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы ұйымдастырылған.


Соңғы жаңалықтар