Жаңаөзенде 6 жылу қазандығы мен 3 бу турбинасы іске қосылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мемлекет басшысының «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «ӨзенЖылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, 6 дана жылу қазандығы мен 3 дана бу турбинасын іске қосты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Кәсіпорын мұнайшылар қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында қала тұрғындарын үздіксіз жылумен, ыстық сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады. 

null 

Cонымен қатар, өңір басшысы «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» автомобиль жолының 155-210 шақырымындағы учаскесінің орташа жөндеу жұмысымен танысты. Бас мердігер - «Нұржол Инвест» ЖШС. Жұмыстың жалпы құны - 652 миллион 960 мың теңге. Бүгінгі күні жарықшақтарды толтыру, асфальтбетонды бір қабатты жабуды жөндеу жұмыстары 155-170 және 193-210 шақырымдарда аяқталды. Жүргізілген жұмыстардың жалпы соммасы - 328 млн. теңге.

null 

Жұмыс сапары аясында Ералы Тоғжанов «Рахат», «Рауан», «Арай» шағын аудандарында салынып жатқан мектептердің құрылысымен танысты. Олардың әрқайсысы 900 орындық. Білім ордаларының құрылысы осы жылдың шілде айында басталған. Бұл мектептер пайдалануға берілгеннен кейін 3 мыңға жуық бала жаңа мектептің табалдырығын аттайтын болады. Оқу ордасының құрылысы келесі жылдың жетінші айында аяқталуы тиіс.

null 

Облыс әкімі бастаған бір топ делегация «Каспий» зияткерлік балабақшасы мен мектебінің жұмысымен танысып, оқытушылар құрамымен кездесті. Биыл ғана жұмысын бастаған білім ордасында қазіргі күні 147 оқушыға 15 жоғары білімді маман дәріс беруде. Мекеме мемлекеттік үштілділік бағдарламасы бойынша оқушыларды оқытуда.

null 

Одан соң өңір басшысы «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіне барды. Мекеме заманауи құрылғылармен толық жабдықталған. 320 балаға арналған орталықтың міндеті - әртүрлі деңгейдегі науқас балаларға кешенді психологиялық, медициналық және педагогикалық көмек көрсету.   

null 

Соңғы жаңалықтар