Жаңаөзенде бұзылған ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде бұзылған ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр,
деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде Жаңаөзен қаласының әкімдігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды қалпына келтіруге қалалық жұмыспен қамту бөлімінен жолдама алған 50 адам жұмылдырылды. Құрылысшылардың үш бригадасы қираған ғимараттағы жылу, электр энергиясын беруді қалпына келтіру және шатырды жабу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өртеніп кеткен «Ару ана» қонақүйінен қоқыстар шығарылуда. 36 текше метр қоқыс шығарылды, жұмыстарға мердігер ұйымдардан 5 өзі төгетін автомашина мен 90 адам жұмылдырылды.
«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының әкімшілік ғимаратында да қоқыс тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Тазалау жұмыстарына 60 адам мен 3 өзі төгетін машина жұмылдырылды.