Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты өртенді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Кеше сағат 22:19 шамасында Жаңаөзен қаласында, «ҚазГӨЗ» ЖШС өндірістік аумағындағы компрессорлық цехта өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, жалын шамамен 980 шаршы метр аумақты шарпыған. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тілсіз жау 23:02-де ауыздықталып,23:17-де толықтай сөндірілді.

Өрті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 35 қызметкер және 6 техника, қалалық ішкі істер бөлімінен 6 қызметкер және 3 техника, Семсер-өрт сөндіруші Жаңаөзен филиалынан 16 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнына қала әкімі Мақсат Ибағаров барды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Зауыт жұмысын жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар