Жаңаөзенде кішкентай бала 4 метр биіктіктен құлап, аман қалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 7 жасар бала дәрігерлердің арқасында аман қалды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңаөзенде кішкентай бала 4 метр биіктіктен құлап, аман қалды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Жаңаөзен қаласында болған. Ата-анасы баланың құрылыс жүріп жатқан ғимаратта ойнап жүріп, құлап кеткенін айтады.

«7 жасар науқас ауруханаға ашық ми-сүйек жарақатымен түсті. Облыстық балалар ауруханасынан Жаңаөзенге дереу нейрохирург Ербол Кенжевалов жіберілген. Алғашқы хирургиялық ота жасалып, жарақаттары тігілген»,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
null null

Дәрігерлер баланың жағдайы әлі де өзгеруі мүмкін екенін айтып отыр. Яғни, ауыр жарақат салдарынан менингит не вентрикулитке шалдығуы мүмкін.