Жаңаөзенде сот отырысы мобильді қосымша арқылы өтті
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының арнайы мамандандырылған әкімшілік сотында «True Conf» қосымшасы арқылы сот отырысы өтті, деп хабарлайды lada.kz.
Айыпкер жұмыстан шыға алмайтын болғандықтан сотқа «True Conf» мобильді қосымшасы арқылы қатысуға ниет білдірген. Сот барысында мәлім болғанындай, ол көлікті мас күйінде басқарған.
«Сот заң бұзған азаматты кінәлі деп тауып, ол 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,-деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі сонымен қатар Жаңаөзеннің әкімшілік соты «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы 6 әкімшілік істі қарағандығын мәлім етті.