15:53, 24 Тамыз 2020 | GMT +5
Жаңаөзенде ұл бала әткеншектен құлап көз жұмды
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жеке үйдің ауласында сегіз жасар ұл бала қолдан жасалған әткеншектен құлап көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 23 тамызда болған, сол күні 2012 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалған.
Комитеттің мәліметінше, өткен демалыс күндері елімізде балаларға қатысты 7 оқыс оқиға болған. Оның ішінде 3 бала көз жұмып, 5 бала ауруханаға жатқызылған.