Жаңаөзенде үш қойма мен екі жүк көлігі өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы өнеркәсіптік аймақта өрт шығып, үш қойма ғимараты мен екі жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

а
Фото: Видеодан алынған скрин

Ведомство мәліметінше, өрт Жаңаөзен қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында болған.

Бір-бірінен бөлек орналасқан үш қойма ғимаратынан, екі жүк көлігінен және дизель отынынан өрт шыққан.

– Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, – делінген министрлік хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында жыл басынан бері 281 өрт тіркелгені хабарланған болатын. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға көп. Өрттің басым бөлігі тұрғын үйлер мен көліктерде болған.