Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесінен ₸77 млн табыс тапқан қылмыстық топ ұсталды

казино
Фото: Pexels

Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Kazinform

Қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметін атқарған.

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды.

Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды. 

Соңғы жаңалықтар