Жаңаөзендегі жағдай: ҚазМұнайГаз тағы да мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM «ҚазМұнайГаз» компаниясы Жаңаөзендегі соңғы кездегі оқиғаға байланысты мәлімдеме таратты.

КМГ КазМунайГаз ҚазМұнайГаз
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— 2024 жылы 12 қарашада «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты (ӨМГ) Бұрғылау жұмыстары басқармасы (БЖБ) қызметкерлерінің кәсіподағы рұқсатсыз акция ұйымдастырып, бірқатар талап қойғаны белгілі. Өзенмұнайгаз басшылығы БЖБ жұмысшыларымен тұрақты түрде келіссөз жүргізіп келеді, — делінген компания хабарламасында.

Компанияның баспасөз қызметі 2024 жылы 3 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, оларды жұмысқа шығуға шақырғанын жеткізді. Келіссөз қорытындысы бойынша хаттама жасалған. Хаттама рұқсатсыз акцияға шыққан жұмысшылардың назарына жеткізілді. Алайда, ӨМГ БЖБ кәсіподақ төрағасы оған қол қоюдан бас тартқан.

Ұлттық компанияның мәліметтеріне қарағанда, ӨМГ мен үш кәсіподақ арасындағы ұжымдық шарт 2024 жылы 25 сәуірде жасалды. Ұжымдық шартқа сәйкес ӨМГ қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 44 млрд теңге қарастырылған, соның 5 млрд теңгесі (11%) компанияның Бұрғылау жұмыстары басқармасына арналған және әрбір қызметкерді әлеуметтік қолдауға жыл сайын 3,8 млн теңге бөлінеді.

Бұған дейін де «ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» компаниясында қалыптасқан жағдайды түсіндірді.

«Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты Бұрғылау басқармасының ереуілге шыққан жұмысшылары қашан толық жұмысқа оралатынын айтты.

Кейін бұл оқиғаға Қанат Бозымбаев  пікір білдірді.

 

 

Соңғы жаңалықтар