Жаңаөзендегі қарастырылған шараларды қаржыландыру Үкімет резеврі есебінен жүзеге асырылады - Қайрат Келімбетов

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктің салдарын жою мақсатындағы шаралар жоспарын қарастыратын Қаулы бекітілді.

Жаңаөзендегі қарастырылған шараларды қаржыландыру Үкімет резеврі есебінен жүзеге асырылады - Қайрат Келімбетов

Аталған құжатты таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов бұнда Жаңаөзендегі Үкіметтік комиссияның шешімі ескерілгенін жеткізді. Шаралар жоспары 7 бағытты қарастырады. Бұдан бұрын Ө.Шөкеев хабарлағандай, Үкіметтік комиссия 7 топ бойынша жұмыс істеп жатыр. Атап атйқанда, онда төтенше жағдайлар, нысандарды қалпына келтіру, әлеуметтік қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықты ақпараттандыру, құқықтық қамтамасыз ету секілді топтар жұмыс жасап жатыр. Бұл жоспардың жобасында іске асырылатын жұмыстардың нақты мерзімі мен жауапты тұлғалар анықталады. «Қарастырылған шараларды қаржыландыру Үкімет резерві есебінен жүзеге асырылады», -деп түйіндеді Қ. Келімбетов.