Жаңаөзендегі жарылыс: құтқарушылар үш адамның денесін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Жаңаөзендегі жарылыс болған жердегі үйінділердің астынан тағы үш адамды құтқарып алды, олар дін аман. Сондай-ақ тағы үш адамның денесі табылды. Олардың бірі ер адам, екіншісі әйел адам, үшіншісі бала.

Жаңаөзендегі жарылыс: құтқарушылар үш адамның денесін тапты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан барлығы 4 адамды және 3 адамның денесін алып шықты.

Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау бойынша ізеу жұмыстарына 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың арасында құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер бар.