Жаңаөзендегі жарылыс үйіндісінің астында тағы адам болуы мүмкін бе – ТЖМ мәлімет берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Жаңаөзендегі жарылыстан құлаған үйдің үйіндісін аршу жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазір үйінді астында адам болуы мүмкін деп айта аламыз ба?» деп сұрады БАҚ өкілі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі олай айтуға әлі ерте екенін түсіндірді.

«Енді ештеңе деп айта алмаймыз. Негізінен жердегі үйіндіні аршу жұмыстары толығымен аяқталуға жақындап қалды. Сондықтан үйінді астында адам болса, осы уақытқа дейін сыртқа шығаратын едік. Яғни, жоқ десек, дұрыс болады деп ойлаймын», - деді Нұрболат Дербісов.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзендегі апат кезінде қаза болғандар саны 4 адамға жеткенін жазған едік.

Кейін облыс прокуратурасы Жаңаөзендегі жарылыстың себебін айтты.


Соңғы жаңалықтар