Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды.

Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды
Фото: t.me/qr_tjm

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі сонымен қатар жарылысқа байланысты жедел желі телефоны іске қосылғаны айтылған. Тел: 8/7292/31-90-99.

Осыған дейін Жаңаөзен қаласында газ жарылып, 11 адамның зардап шеккенін хабарладық.