Жаңаөзендегі жарылыста зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі 1972 жылы туған ер адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрігерлер зардап шеккен адамға денесінің 60-70 пайызын күйік шалған деген диагноз қойды. Науқас жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Тиісті ем-дом жүргізілуде», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бүгін таңда Жаңаөзен қаласының 2-мөлтек ауданындағы 2 қабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді.

Оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалып, барлығы 4 адам қаза тапқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар