Жаңаөзендік бойжеткен 3 күннен бері табылмай жатыр
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Жаңаөзендік 22 жасар Айгерім Ыланбаева 3 күннен бері табылмай жатыр. Ол кетерінде хат жазып қалдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қыздың туыстарының айтуынша, Айгерім Ыланбаева 7 қазан күні кешке үйінен шығып кеткен. Із-түссіз жоғалған қыз туралы полиция департаментіне шағым түскен.
«Айгерім Ыланбаеваны полиция қызметкерлері іздеп жатыр» деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.