Жаңаөзендік жігіт 93 метр ғимаратқа сақтандыру құралынсыз өрмелеп шыққан

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жаңаөзендік Амандық Молдағұлов 93 метр ғимаратқа 10 минуттың ішінде ешқандай сақтандыру құралынсыз өрмелеп шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік «Mańǵystaý» телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

«Бала кезімнен каскадер болуды армандадым. Үнемі биікте жүргенді ұнататынмын. Аса қауіпті екенін білемін, бірақ менде ешқандай қорқыныш болмайды. 93 метр ғимаратқа 10 минут аралығында өрмелеп шығу жеке рекордым деп санаймын. Менің өнерімді тамашалаған барша азаматтардан бұл трюктерді қайталамуын сұраймын», - деді Амандық Молдағұлов.

Амандық Молдағұлов тек нысандарға өрмелеп қана қоймай, биіктікте тұрып түрлі дене жаттығуларын жасай алады. Бұл аса қауіпті болғандықтан, жергілікті полиция өкілдері жаңаөзендік «өрмекші адамға» ескерту жариялаған.

Автор: Әлихан Асқарұлы


Соңғы жаңалықтар