Жаңаөзенге жақын жерде мұнай өнімдері өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 желтоқсанда Жаңаөзеннен солтүстікке қарай алты шақырым жерде «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ-3 (мұнай-газ өндіру басқармасы) мекемесінің аумағында ұңғымаға жақын жерде мұнай өнімдері өртенді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД-ның өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары бойынша қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Кезекшіге сағат 04:21-де өрт туралы хабар келіп түскен. Бес минуттан соң оқиға орнына «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС-ның қызметкерлері келіп жеткен, деп жазады Lada. 

«№61 қондырғы маңындағы №4412 ұңғыманың  жанында мұнай өнімдерінің өртке оранғаны туралы хабар келіп түсті. Ол МГӨБ-3 мекемесіне тиесілі. Бұл қондырғы Жаңаөзеннен солтүстікке қарай алты шақырым жерде орналасқан. Өрт сағат 04:55-те оқшауланып, сағат 05:00-де толық сөндірілді. Алты шаршы метрді жалын шарпыды. Өрттен келген шығынды анықтаушы белгілейді», - деп хабарлады аталмыш ведомство.

 

 

Соңғы жаңалықтар