02:48, 02 Сәуір 2021 | GMT +5
Жанар Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының өкілімен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның ДСҰ 12-ші министрлік конференциясына төрағалық етуін ескере отырып, кездесу барысында ұйымның өзекті күн тәртібі бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында осы жаһандық іс-шараның бірлескен дайындығына және негізгі басымдықтарына ерекше назар аударылды.
Бас директор ДСҰ Хатшылығының өкілдері өз тарапынан ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына дайындық барысында барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінінін атап өтті.
Тараптар сондай-ақ әлемде қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдай аясындағы жаһандық сауданың дамуы бойынша пікір алмасты.