Жанар Дұғалова Астана күніне арналған концертте оқушылармен бірге ән айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада қала күніне орай №2 өнер мектебінің оқушылары «Астана» әнін орындады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жанар Дұғалова Астана күніне арналған концертте оқушылармен бірге ән айтты
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шара Нұра ауданының әкімдігі мен Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты ерекшелігі — қазақстандық эстрада әншісі, актриса, Жанар Дұғалова жас өнерпаздармен бірге өнер көрсетті. Белгілі әнші оқушылармен бірге ән шырқап, Астана тұрғындары мен қонақтарына мерекелік лебізін арнады.

Жанар Дұғалова Астана күніне арналған концертте оқушылармен бірге ән айтты
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бұл шығармашылық жоба жас ұрпақтың туған қаласына деген ыстық ықыласын, елордаға деген мақтанышы мен Отанға деген шынайы сүйіспеншілігін айқын көрсетті.

— Мұндай тағылымды жобалар өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға ғана емес, олардың азаматтық ұстанымы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға да ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Жанар Дұғалова Астана күніне арналған концертте оқушылармен бірге ән айтты
Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Астана» әнін эстрадалық вокал және хор сыныбының оқушылары ерекше шеберлікпен орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жас өнерпаздардың жүрекжарды лебізі мен әсерлі өнері Астана күні мерекесінің ажарын ашып, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен оның гүлденуіне арналған ақ тілектің жарқын көрінісіне айналды.

Жанар Дұғалова Астана күніне арналған концертте оқушылармен бірге ән айтты
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетейік, Астана күніне орай халықаралық көше қойылымдары фестивалі өтеді.