Жанар-жағар май бағалары өзгерген жоқ және өзгермейдi - ТМРА
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың бiрiншi тоқсанының соңына дейiн реттелетiн жанар-жағар майдың қазiргi бағалары өзгермейдi, дейдi ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы Мұрат Оспанов.
"Өздерiңiзге белгiлi, АИ-80, АИ-92/93 маркалы бензинiне және дизель отынына мемлекеттiк реттеу қолданылады. АИ-95-96 және АИ-98 бензинiне баға реттелмейдi және бәсекелес нарықта қалыптасады", - дедi ол бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.
Мемлекет реттейтiн мұнай өнiмдерiн сату кезiнде шектi бағаларды асыруға қатаң тыйым салынады.
"Интернетте Алматы қаласының бiрқатар жанар-жағар май стансаларында баға көтерiлгенi туралы ақпарат тарады. Бiрақ ол фактiнi тексеру кезiнде ешқандай жерде баға көтерiлмегенiн анықтадық. Сыбыс әңгiме расталмады", - дедi ол.