Жанар-жағармай сапасының еуро стандарттарына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асады - ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

strong> Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жанар-жағармай сапасының еуро стандарттарына көшу еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарындағы қайта құру үдерісіне байланысты. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан 5-ші халықаралық мұнайгаз өңдеу және мұнайхимиясы мен мұнай өнімдерінің KazRefinEx2010 симпозиумында айтылды,

Жанар-жағармай сапасының еуро стандарттарына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асады - ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кез келген зауытта еуро-3, еуро-4 стандарттарына көшу ондағы қайта құру үдерісіне байланысты. Сондықтан ондағы мүмкіндіктер белгілі бір уақытта ғана қалыптасады. Мәселен, былтыр міндетті еуро-2 стандарты енгізілген болатын, биыл енді еуро-3 стандарты енгізілгелі отыр», дейді ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасова. Оның айтуынша, қазір еуропалық елдер жүзеге асырып жатқан еуро-5 стандартына отандық мұнай өңдеу зауыттары дайын емес. Олардың жаңа технологияларды енгізу үрдісіне қаражат тарту мүмкіндігіне байланысты бұл шара қазір біртіндеп жүзеге асуда.