Жанар-жағармай тапшылығын болдырмау жолдары талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZENERGY» қауымдастығы Қазақстандағы мұнай-газ нарығының қазіргі жағдайын талқылау үшін Дөңгелек үстел өткізді. Мәжіліске «KAZENERGY» қауымдастығының, ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, Қазақстан отын қауымдастығының өкілдері, ЖЖМ көтерме сауда және бөлшек сауда жеткізушілері қатысты, деп хабарлайды KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі.
None
None

Дөңгелек үстел мәжілісінің қорытындысы бойынша Қазақстандағы мұнай-газ нарығының Ресей Федерациясынан әкелінетін ЖЖМ импортына тәуелді екені атап өтілді. Бұл тәуелділіктің себебі қазақстандық мұнай-газ зауыттарының мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысты өтей алмауы болып табылады.

Дөңгелек үстел мәжілісінің қатысушылары Ресейден келетін ЖЖМ кейбір түрлерін импорттауға шектеулерді алып тастау және импорттауға біртұтас оператор болдырмау, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы көтерме сауда бағасы арасындағы айырманы теңестіру арқылы ЖЖМ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Үкімет қабылдаған шараларды қуаттады.

Сонымен бірге, әртүрлі бөлшек сауда жеткізушілеріне тарату рәсімдерін, қағидаттарын және біліктілік талаптарын белгілеу арқылы облыстық әкімдіктердің ЖЖМ ауқымының таратылу ашықтығын қамтамасыз етуі қажеттігі туындап отыр. Аймаққа бөлінген ЖЖМ ауқымы туралы ақпаратты бөлшек сауда жеткізушілері арасында әкімдіктердің ғаламтор-сайттары және БАҚ арқылы ЖЖМ бөлу және көпшілікке жариялау қажеттілігі де бар.

К4 және одан жоғары стандартты жоғары октанды мұнай өнімдерінің бағасын реттеу мәселесін талқылау шеңберінде отандық өндірістің мұнай өнімдерін міндетті өткізу жүйесін алдын ала пысықтау қажеттігі, сонымен қатар пайдакүнемдік кәсіпқорлық қызметтерді болдырмау мақсатында ЖЖМ сапасына тәулік бойы сенімді бақылау жасау қажеттігі жөнінде сөз қозғалды.

Бұған қоса, Дөңгелек үстел қатысушылары ҚР Энергетика министрлігіне мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау бойынша уақтылы шараларды қабылдау үшін ЖЖМ жекелеген түрлерінің нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізуді, бензиннің және К4 және одан жоғары (Euro-4 және Euro-5) стандартты дизельдік отынның шектеулі бағасын реттеудің мақсатқа лайықтылығы бойынша талқылау жүргізуді жалғастыруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар