Жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді: Аи-92 - 110 теңге

АСТАНА. 7 наурыз ҚазАқпарат - Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағалары белгіленді,
None
None

деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 76-НҚ бұйрығына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленді: дизель отыны - 1 литр үшін 102 теңге; Аи - 80 - 1 литр үшін 89 теңге;Аи - 92 - 1 литр үшін 110 теңге», - делінген хабарламада.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы мұнай және газ және экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісілді. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар