Жанармай бағасына болжам жасаймын деп аузым күйген - Ұ. Қарабалин

«Өздеріңіз білесіздер, 21 тамыздан бастап АИ-92 маркалы жанармай бағасы 128 теңгеге көтерілді. Ал дизельдік отынның бағасы сол күйінде қалды. Ал АИ-95 пен АИ-98 маркаларына келер болмақ, олардың бағасын мемлекет реттей алмайды. Мен жуырда жанармай бағасы жуық арада көтерілмейді деп болжам жасаған едім, енді міне аузым күйіп отыр», - деді Қарабалин.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің кейбір өңірлерінде, әсіресе шекара маңындағы аймақтарда АИ-92 маркалы бензинге дефицит байқалуда. "Онда көрші елдерден келіп қазақстандық жанармайды алуға тырысатын көліктер өте көп. Өйткені бізде көршілес елдермен салыстырғанда ең арзан жанармай болып отыр", - деді вице-министр.
«Жанармай қымбаттауының тағы бір себебі: Ресейдегі жанармай өндіру зауыттарының бірінде орын алған апат. Онда қазір жұмыс тоқтап тұр. Сонымен қатар, Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді вице-министр.